26.10.2016, 13:58
Оқылды: 30

Ел намысы-ерге сын

img_3403    Шыңғырлау ауданы тағы да спорттан әлемдік деңгейдегі жеңісті тойлауда.

Ауданның белгілі спортшысы, аудандық БЖСМ директоры, самбо күресінен Израиль мемлекетінің Ашдот қаласында өткен әлем  чемпионатының жеңімпазы Қайсар Құсайынов жуырда Хорватия мемлекетінің Поречь қаласында өткен самбодан әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.

Бұған дейін осындай ірі додаларда төрт бірдей алтынды ұтып алған жерлесіміз бұл жолы чемпионаттың ІІ орынын қанағат тұтыпты. Жеңімпаз жерлесімізді кеше поездан анасы мен балалары және сыйлас ағалары мен жолдас-жоралары қуана күтіп алды.

Айта кетейік, бұл жолы әлемдік бәсекеге еліміздің әр тарапынан 30-ға жуық спортшы барған. Нәтижесінде, Қазақ елі командасының қоржынында үш алтын, үш күміс және бірнеше қола медаль.

Ел намысын қай аренада да қорғап жүрген Қазақ елінің спортшыларына алда да сәттілік тілейік, ағайын!

Қаршыға Елемесов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале