26.10.2016, 16:02
Оқылды: 40

Облыстық ардагерлер кеңесі өтті

img_7068Орал қаласындағы достық үйінде облыстық ардагерлердің кеңесінің ІІ алқалы мәжілісі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, облыстық басқармалардың басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары қатысты.

Мәжілісте  облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов баяндама жасап, алдымен, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ VІІ съезінің шешімдерін іске асыру мақсатында қолға алынған шараларды атап өтті. Оның мәліметінше, облыста бір қалалық және 12 аудандық ұйым бар. Бастауыш ұйымдар саны 380-ге дейін артқан. Өңірдегі 80 мыңнан астам ардагерлердің 80 пайызы сол ұйымдардың қатарында. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысқан 190 ардагер,   соғыс жылдарында тынымсыз тер төккен 10 мыңға жуық тыл еңбеккері, 18 концлагер тұтқыны және Ауған соғысының ардагерлері, Семей және Чернобыль полигондарының зардабын тартушылар есепке алынған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан берілген мәліметке сәйкес,  былтырғы қайырымдылық айлығында қарияларға 112 миллион теңгеге материалдық және қаржылай көмек жасалған. Шарада бірқатар аудандық ардагерлер ұйымдарының төрағалары сөз алып, 1938 жылы туған зейнеткерлерге тыл еңбеккері мәртебесін әперу және әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, қарияларға ұдайы қамқорлық жасау, ардагерлер ұйымдарын дамытуға қатысты ортақ мәселелерді ортаға салды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов ардагерлердің қоғамдық шараларда белсенді екенін бағалай келіп, олардың мұң-мұқтажы, ұсыныс-пікірлері мемлекет тарапынан назардан тыс қалмай, мүмкіндігінше қолдау табатынын жеткізді.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале