26.10.2016, 16:18
Оқылды: 36

Ақжайық ауданында – жаңа прокурор

%d0%be-%d0%bc%d0%be%d0%bd%d1%82%d0%b0%d0%b5%d0%b2      ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен 2016 жылғы 24 қазаннан Ақжайық ауданының прокуроры болып Орал Пәрімұлы Монтаев тағайындалды.

О.П. Монтаев 1960 жылы дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Шымкент облысының аудандарында прокурордың көмекшісі, тергеуші, прокурордың орынбасары, бірінші орынбасары, Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан прокуратурасында басқарма прокуроры, басқарма басшысы, басқа да лауазымды жұмыстарда, сосын Созақ ауданының прокуроры, Таукент мамандандырылған прокуроры және жаңа тағайындауға дейін Шиелі ауданының прокуроры қызметтерінде болды.

Кеше аудан активіне осы жаңа тағайындауға байланысты Орал Монтаевты  облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Дүйсенбаев таныстырып, оның жаңа қызметіне зор табыс тіледі.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов сөз сөйледі, ол О.П. Монтаевты жаңа тағайындауға байланысты құттықтап, игі тілегін арнады.

Ақжайық ауданының осыған дейінгі прокуроры Нұрлыбек Сәбитов басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұл міндеттен босатылды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале