26.10.2016, 16:32
Оқылды: 33

Жігері жасымағандардың жарысы

%d0%b6%d1%96%d0%b3%d0%b5%d1%80 Жәнібек ауданында «Қайырымдылық айлығы» шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандар спорттық сайыстарда бақтарын сынады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға отызға жуық адам қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық сайыстар үш кезеңді қамтыды. Мүмкіндігі шектеулі жандар 4 командаға бөлініп, көңілді старт ойындары, арқантартыс, қол күресі сияқты сайыстарда өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде, барлық кезеңдерде қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан «Қайрат» командасы 1-орын, «Тұлпар» мен «Намыс» командалары, сәйкесінше 2 және 3-орындарды иемденсе, «Жігер» командасы «Көрермендер көзайымы» аталымын ұтып алды. Жарысқа қатысушы барлық командалар медаль, дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Д.Зеннат

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz      

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале