27.10.2016, 10:41
Оқылды: 33

Өскеменге жолдама алды

%d0%b5%d1%80%d0%ba%d0%b8%d0%bd-%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%811         Жуырда Тасқала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және мәдени-ойын сауық спорт клубының ұйымдастыруымен 2001-2003 жылдары аралығында туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында еркін күрестен облыстық чемпионатынан ауданның жас спортшылары олжалы оралды.


Аталмыш жарысқа Ақсай, Ақжайық, Казталов, Сырым, Орал қаласының спорт мектебі, Жаңақала, Тасқала және Қаратөбе ауданының спортшылары да қатысты.
Ойын қорытындысында 32 келі салмақ дәрежесінде Адият Сағымғалиев ІІ орынды иеленіп, 35 келі салмақта Дәулет Болатов І орыннан көрініп  4-7 қараша аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Жарыс жүлдегерлері арнайы диплом-медальдармен марапатталды.

Жеңімпаздарды жарысқа дайындаған аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Әділ Төреғали.

 

Райымбек Абаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале