27.10.2016, 16:20
Оқылды: 36

Жаңарған мектеп жарқырап тұр

%d0%bf%d1%80%d0%b8%d1%80%d0%b5%d1%87%d0%bd%d1%8b%d0%b91          Бүгін 50 жылға жуық уақыт түлек ұшырған Приречный жалпы орта білім беретін мектебі күрделі жөндеуден өтіп, оқушыларға есігін айқара ашты.


 

Ашылу салтанатына аудан әкімі М.Мұқаев, білім беру бөлімінің басшысы Д.Сапаров, мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев, мектеп түлегі «Мальтийская песня», «Золотой шлягер» халықаралық байқауларының лауреаты, «Алтын домбыра» Президенттік сыйлығының иегері М.Сарбөпеев және Құрметті азаматтар қатысты.

%d0%bf%d1%80%d0%b8%d1%80%d0%b5%d1%87%d0%bd%d1%8b%d0%b92Алғашқы сөз кезегін алған аудан басшысы Мұрат Рахметұлы жиылған жұртшылықты Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңындағы ерекше күнмен құттықтап, теледидар сыйға тартты. Одан соң ғимаратты жөндеуге мұрындық болған мердігер «Батыс Строй Сервис» ЖШС-нің қызметкері Қадырбек Сансызбайұлы да өзінің ақ тілегін арнады. Ал туған жерінде орын алып отырған қуанышты бөлісуге асыққан Марат Мәулетұлы болса, талантты шәкірттер көп болсын деп ырымдап,музыкалық аппаратты тарту етті.

Аудан әкімімен бірге лента қию рәсімі тыл ардагері, ақ жаулықты әжеміз Тәте Такпановаға бұйырды. Ұстаздар қауымы су жаңа мектепті тамашалауға енген меймандарға ақ ұсынып қарсы алды. Содан соң бәрі сап түзеп, Мәдениет үйіне бет бұрды. Аудан орталығынан келген өнерпаздар мен мектеп оқушылары әсем әннен шашу шашып, көрермендердің көңілін көтерді.

Аягөз Айтқалиева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале