16.09.2015, 18:46
Оқылды: 25

«Кәсіптік  одақ  – қоғамдық қатынастардың  катализаторы»

сухбатСайт қонағы - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының  Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Даупаев:

-  Қазіргі кәсіподақтардың өзекті мәселелерінің бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық бағдарламасынан туындайтын міндет-мақсаттарға сай кәсіподақ қызметін жаңа сатыға көтеру, басты мән-мазмұн азаматтарымыздың өнімді еңбегіне негізделген жаңа идеологияны қалыптастыру, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және әрбір қазақстандықты қамқорлыққа алу.

Бүгінде заман талабына сай кәсіподақты жаңа деңгейге көтеру бағытында нақты шаруалар жүргізілуде. Биылғы наурыз айында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің орынбасары В.Беженаровтың және бас маман Б.Алиевтің қатысуымен біліктілік семинары өтті. Оған Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының түрлі деңгейдегі бастауыш кәсіподақ

ұйымдарының жетекшілері, қалалық  жұмыс беруші мекеме басшылары қатысты. Басқосуда кәсіподақтың қаржылық ережелері мен іс-қағаздары бойынша нұсқаулықтар таныстырылып, ұжымдық шарттың жасалуы туралы толық мағлұматтар берілді. Мұндай әдістемелік көмектің кәсіподақ ұйымдарының жұмысының белсенділігінің  артуына әсері  болары анық.

Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған  Жолдауларында қоғамымыздың басты құндылығы – адамның өмір сүруіне жағдай туғызып, әл-ауқатын жақсартуға назар аударылады. Осы мақсатта жоспарлы шаралар қолға алынған. Солардың бірі биылғы 24-26 наурыз аралығында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай білім және ғылым қызметкерлері арасындағы спорттың 4 түрінен (волейбол, үстелді теннис, шахмат, дойбы) облыстық спартакиада ұйымдастырылды. Жарысқа кәсіподақ мүшелерінен құралған облысымыздың 12 ауданының командалары және облысымыздың 9 білім мекемелерінің командалары белсенділікпен қатысты.  Одан басқа облыста өткізілетін қайырымдылық шараларына да атсалысуды борышымыз деп білеміз. Мысалға, биыл да әдеттегідей  Балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық балалар үйінде өткізілген мейірім шарасына қатыстық.

Биыл Астанада өткен Қазақстан  Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXIV cиезіне облыстық кәсіподақ ұйымының атынан делегат ретінде қатысып, көп ой түйіп қайттым. Кәсіптік одақтар еңбек саласындағы қоғамдық қатынастардың катализаторы ретінде қызмет етуі тиіс. Осы бағыттағы және өзге де кәсіподақ ұйымының алдындағы міндет-миссияны  орындауға қызмет ете бермекпіз.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале