Зерде

Облыстар, Астана

және Алматы ққ.

Ішкі саясат басқармаларына

 

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі  «Зерде» инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның қатысуымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

«Цифрлық қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы ашық НҚА порталында көпшілік талқылау үшін орналастырылған. Халық арасында осы ақпаратты тарату және талқылауға барлық мүдделі тұлғаларды тарту және үлкен аудиторияны қамту үшін өңірлік БАҚ сайттарына «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасын талқылауға сілтемемен баннер орнату қажет.

Осыған байланысты, Сізден баннерді сіздің облыстағы электронды БАҚ-та қоса берілген тізімге сәйкес орналастыруға жәрдем көрсетуіңізді сұраймыз. Баннерді орналастыру мерзімі 2016 жылғы  22 шілдеден 14 тамызды қоса алғанда.

Талқылауға сілтеме: https://legalacts.egov.kz/application/npa/10716/1. Баннер файлы хатқа қосымшада. Баннерді белгілі бір өлшемдер бойынша өзгерту мәселелері бойынша «Зерде» Холдингі» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бұлбұл Суранчиеваға жүгіну қажет (тел.: +7 7172 954 669, e-mail: [email protected]).

 

 

Төрағаның орынбасары                                                   Р. Әлішев

 

 

 

 

 

 

Орынд.: А. Пазилова

Тел.: 74-04-73

e-mail: [email protected]

 

 

 

 

Өңірлік басылымдар тізімі:

 

  1. «Вечерний Алматы» http://vecher.kz/ (Алматы)
  2. «Инфо-Цес»http://www.info-tses.kz/ (Астана)
  3. «Огни Алатау» http://ognialatau.kz/ (Талдықорған)
  4. «Ақ Жайық» http://azh.kz/ru/ (Атырау)
  5. «Диапазон» http://www.diapazon.kz/ (Ақтөбе)
  6. «Жамбыл Тараз» http://z-taraz.kz/index.php/ru (Тараз)
  7. «Индустриальная Караганда» http://inkaraganda.kz/ (Қарағанды)
  8. «Акмолинская правда»http://apgazeta.kz/ (Көкшетау)
  9. «Павлодар Ньюс» http://pavlodarnews.kz/ (Павлодар)
  10. «Костанайские новости» http://kstnews.kz/ (Қостанай)
  11. «Кызылординские вести» http://kzvesti.kz/ (Қызылорда)
  12. Yk-news.kzhttp://yk-news.kz/ (Өскемен)
  13. «Жайық пресс» http://zhaikpress.kz/?lang=kk (Орал)
  14. «Южный Казахстан» http://www.yujanka.kz/ (Шымкент)
  15. «Огни Мангыстау» http://ogni.kz/ (Ақтау)
  16. «Петропавловск.кз» http://www.pkzsk.info/ (Петропавл)