Қазақтың көрнекті ақыны әрі белгілі аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиев туған жеріне, еліне қадірлі. Автордың 30-дан аса жыр жинағы бар. Ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау бағытында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына орай «Нарын құмын аңсаған Қайрат ақын» атты республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланады.
Мүшәйраны «Жайық Пресс» ЖШС мен БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бірлесе ұйымдастырады.
Мүшәйраның мақсаты
Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиевтың есімін қалың көпшілікке, жас ұрпаққа ұғындыру, насихаттау, талантты жастардың шығармашылық ізденісін арттыру, ақындардың шеберлігін шыңдап, қаламын ұштай түсу.
Мүшәйраға ұсынылатын шығармалардың
негізгі тақырыбы
Мүшәйраның талаптары мен шарттары
Үміткерлер өлеңдерінің бағалануы
Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау
Қазылар алқасының шешімі мен мүшәйра жеңімпаздары анықталып, ұйымдастыру алқасы дайындаған дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады:
Бас жүлде – 100 мың теңге (біреу)
І, ІІ, ІІІ жүлде және ынталандыру сыйлықтары.
Мүшәйраға байланысты анықтамаларды мына мекенжайдан білуге болады: