7.02.2018, 12:28
Оқылды: 178

БҚО-да мектеп музейлері арасында «Ерекше жәдігер» атты байқау жарияланды

ruhani jahgyru«Жайық Пресс» ЖШС Батыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесе отырып «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған ұлттық код, «Туған жер», тарих тақырыбындағы мәселелерді жүзеге асыру мақсатында өңіріміздегі барлық мектеп музейлері арасында «Ерекше жәдігер» атты байқау жариялайды.


Байқау талаптары: Байқауға қатысушы музейлер өздерінің қорындағы ең көне деген жәдігердің суретін және жәдігер тарихы туралы толыққанды ақпаратты қазақ тілінде [email protected], орыс тілінде [email protected] электронды пошталарына «Ерекше жәдігер» байқауына» деген атаумен жолдауы тиіс. Тарихи құндылығы мен көрнекілігіне қарай жолданған жұмыстардың бірқатары «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланып, толық тізбесі zhaikpress.kz сайтына орналастырылады.

Облыстық білім басқармасы және «Жайық Пресс» ЖШС қызметкерлерінен құрылған комиссия үздік деп танылған үш жұмысты анықтайды. Үздік жұмыстарымен ерекшеленген музейлерге арнайы сый тағайындалып, олар туралы «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінде кең көлемді мақала жарық көреді. Байқауға жолданатын жұмыстар бүгіннен бастап ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін қабылданады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале