8-707-808-48-55
31.07.2015, 12:51
Оқылды: 1
Жалынды жастармен кездесу

Taskala studenttermen kezdesu   Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында Тасқала аудандық округінің студент жастарымен кездесу өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Мулдашевамен қатар студент жастар қатысты.

Алғаш сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы А.Кударовтың баяндауынша, ауданда 2224 жас бар.Соның 268 студент болса, 5 студент шетелде «Болашақ» бағдарламасымен , 105 студент кәсіптік білім беру орындарында оқып жатыр.

Басқосуда үкімет тарапынан жастарға көрсетілер көмек сөз болды. Білім сапасы, студенттердің болашаққа деген көзқарастары мен мақсаттары талқыланды. Елімізде қолдау тапқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімді жақтарын атады.

www.zhaikpress.kz

Әсемгүл Бекешева

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар