8-707-808-48-55
15.12.2016, 20:00
Оқылды: 55
Құрметті батысқазақстандықтар!

Сіздерді  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік  күні  мерекесімен  шын  жүректен  құттықтаймын!

Азаттық алғаннан кейін елдігімізді қалыптастырып, еңсемізді тіктеген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз алтын таққа отырған асқақ дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер заманды да бастан кешкен елміз. Сондықтан халқымыз азаттық рухын терең сезініп, жан-жүрегімен түсіне біледі. Азаттық Ұлы даланы мекен еткен аталарымыздың асыл арманы еді. Біз осы асқақ арманға қол жеткіздік. Осыны терең сезіну патриотизм мен мемлекеттілікті нығайтуға мүмкіндіктер туғызады» деп атап өтті.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына еңсесі биік, әлеуеті зор, елдігі қалыптасқан мемлекет ретінде жетіп отырмыз.

Азаттық жылдарындағы еліміздің даму тарихынан Батыс Қазақстан облысы да шет қалған емес. Өндіріс көлемі 3 мың есеге дейін өсті. Өңірімізде осы кезеңде 60 мектеп, 17 балабақша, 103 денсаулық сақтау нысаны салынды. Қаржыландырудың барлық көзінен 4 млн. шаршы метр тұрғын үй бой көтерді.

Биылдың өзінде 14 тұрғын үй салынып, барлығы 1500 пәтер пайдалануға беріледі. Қорытындылап отырған жылымызда ғана 215 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан жаңартылды. Жылдың соңына дейін көпбейінді қалалық аурухана қолданысқа беріледі. Мемлекеттік бағдарламалардың пайдасын сезініп отырған өңірімізде алдағы жылдары да бірқатар мәселелер шешімін табады.

Ширекғасырлық жетістіктеріміз бен қол жеткізген асыл мұратымыздың барлығы да тәуелсіздігіміздің баянды болуына басты кепіл болған – ынтымақ пен жасампаз еңбектің арқасы.

Қадірлі  батысқазақстандықтар!

Сіздерді еліміз үшін қасиетті де қастерлі мерекемен құттықтай отырып, Отанымызға тыныштық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Игі тілекпен,

Батыс Қазақстан  облысының әкімі А.КӨЛГІНОВ

 

Пікір қалдыру