17.10.2016, 17:56
Оқылды: 19

Əскери самбодан І орында

%c9%99%d1%81%d0%ba%d0%b5%d1%80%d0%b8-%d1%81%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%be%d0%b4%d0%b0%d0%bd-%d1%96-%d0%be%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0  Қостанай қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы əскери самбодан Қазақстан чемпионатында шыңғырлаулық егіз ағайынды Əділет, Əсет Кабуловтар топ жарды. Сайыпқырандар спортынан саналатын əскери самбо күресінде 100 келі салмақдəрежесінде Əділет Кабулов қарсыластарын түгел жығып, І орынды жеңіп алды. Ал, оның бауыры Əсет Кабулов 90 келі салмақта ІІІ орынды иеленді.


Айта кететін жайт, Əділет Кабулов осы жеңісімен спорт шеберлігін қорғап отыр.

Спорттық тəрбиені Шыңғырлау аудандық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бастап, осы мектеп жаттықтырушысы, ағалары Армат Кабуловтың жаттықтыруында болған ағайындылар бүгінде əскери самбодан белгілі бапкер Қазыбек Ибрашевтан тəлім алып жүр.

Жерлестеріміздің жеңісі мереймізді өсіруде.

Қайсар Құсайынов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале