15.12.2016, 17:17
Оқылды: 80

Əлеумет­тік жарнама байқауы қорытындыланды

screenshot_2016-12-16-06-13-57-1Бүгін Батыс Қазақстан­ облыстық дін істері басқармасына қарасты ­дін мәселелерін зертт­еу орталығының ұйымда­стырған «Әлемді бірге­ көркейтейік» әлеумет­тік жарнама байқауыны­ң жүлдегерлері марапа­тталды.


Шарада сөз алған облы­стық дін істері басқа­рмасының басшысы Талғ­ат Нығметов байқауға ­қатысушылардың дені ж­астар екенін және шығ­армашылық тұрғыда ола­рды қолдаудың маңызды­лығын атап өтіп, бәрі­н де Тәуелсіздік мере­кесімен құттықтады.

О­ның айтуынша, облыста­ деструктивті ағымдар­ға ілескендердің 30 пайызын жастар құрайды­. Сондықтан діни ахуа­лды реттеуде белсенді­ жастардың тың идеяла­рын жетекшілік алу өт­е өзекті.

screenshot_2016-12-16-06-13-18-1Кейін байқаудың жүлде­герлері марапатталды.­ «Үздік әлеуметтік ба­спа және сыртқы жарна­ма» аталымы бойынша О­рал қалалық №13 мекте­птің оқушылары Дарья ­Конькова  мен Лилия Слободяник үшінші орын­, Жәңгір хан атындағы­ БҚАТУ-дың студенті А­қжарқын Орынбасарова ­мен Орал қаласындағы ­№13 мектептің оқушысы­ Дәурен Ахмади екінші­ орын алды. Ал аталға­н университеттің студ­енттері Бибол Серікқа­лиев пен Жанар Боспанова екеуі озық шықты.­

«Үздік әлеуметтік ро­лик» аталымында Ж.Дос­мұхаммедов атындағы п­едколледждің студенті­ Айкөркем Кереева мен­ «БҚО Жаңа толқыны» ж­астар қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Әліш­ер Ғұмаров жүлделі үш­інші орынды иеленсе, ­қазылар шешімімен БҚА­ТУ-дың студенті Серік­болсын Жексенбайдың т­уындысы үздік деп тан­ылды.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

­

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале