7.10.2015, 16:16
Оқылды: 52

«Абай – дана, Абай –дара қазақта!»

 Abai kynanbayev  Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығында Абай Құнанбаевтың  170 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай –дара қазақта!» атты әдеби-сазды кеш болды.

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысу, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттауды мақсат тұтқан шара Абайдың балалық шағы туралы бейнефильммен басталды. Сондан кейін Алуа Бауыржанқызы, Аружан Әнжан, Асылбек Байғазиев, Сымбат Камалова, Асыланбек Шағыров, Перизат Асқарқызы сынды мектеп оқушылары, студенттер Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мен қара сөздерін оқып, әндерін шырқады. Ал жас ақындар Орынбек Меңдіғұлов, Ақеділ Ғұбашев Абай хакімге арнаған өз шығармаларын оқыды. Шара барысында сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов, белігілі әнші-термеші Армат Исламғалиевтар «Бойы бұлғаң», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сегіз аяқ» әндерін орындады.

www.zhaikpress.kz

Сәкен Әбілхалықов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале