8.10.2015, 17:14
Оқылды: 22

Абай әлеміне саяхат жасады

    Karatobe Abai okulariҚаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залында мектеп оқушылары арасында өткен аудандық «Абай оқулары» мәреге жетті.

Ұлы ақынның 170 жылдығына орай ұйымдастырылған шара Абай шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу, сұрақ-жауап, ұлы ақынға арнау және Отан, туған жер тақырыбында жазылған жас өрендер туындылары шарттарын қамтыды.

Ауданның барлық ауылдық округтерінен келген жас оқырмандар Абай өлеңдерін, қара сөздерін жатқа оқып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сауалдарға жауап қайтарды.

Әділ қазылар алқасы көркемсөз оқушы өрендердің шығарманы таңдау, оқу шеберлігі, дауыс мәнері мен тіл тазалығы, сахна мәдениетіне ерекше мән берді.

Байқау қорытындысында Арайлым Айтбай (Қарақамыс ауылы) жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ, ІІІ орындарды қоскөлдік Фархат Қазиханов пен жусандыойлық Әйгерім Бауыржанова еншіледі.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале