14.12.2015, 18:50
Оқылды: 26

Абоненттерге қолайлы жағдай жасалуда

Kaz trans gaz       «ҚазТрансГаз» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы жанынан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.


         Бір мезетте 65 адамға қызмет көрсете алатын орталық «бір тезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мұнда келген абоненттер тек көгілдір отын үшін емес, өзге де коммуналдық қызметтер үшін төлем жасай алады.

         -Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында іске қосылып отырған бұл орталықтың маңызы зор. Елбасымыз Жолдауында халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында міндет қойған болатын. Бұл - сол міндет аясында қолға алынған іс-шараның бірі. Жалпы мұндай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өңірімізде алғаш рет ашылып отыр. Осы сәтті пайдаланып жиналған жұртшылықты облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының атынан және өзімнің атымнан еліміздің ұлық мейрамы - Тәуелсіздік күнімен құттықаймын,-деді орталықтың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев.

Өз кезегінде сөз алған «ҚазТрансГаз» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы директоры Аманжол Тәжіғалиевтың айтуына қарағанда, мұндай орталық ашудағы мақсат - абоненттерге сапалы әлі жедел қызмет көрсету. «Бұл жерде тек тұтынылған коммуналдық қызметке төлем жүргізілмейді,-деді ол.-Газ тартуға қажет құжаттар әзірлеу, жобалау, тұтынылған газ үшін төлем жасауға мүмкіндік беретін жеке есеп-шот ашу, шарттарды дайындау сынды жұмыстың бәрі осы жерде жүргізіледі. Бұрындары тұтынушыларымыз мұндай қызметтерді алу үшін ғимаратымыздың төрт қабатына көтеріліп-түсіп жүрсе, енді ондай қолайсыздық жоқ, бәрі бір терезе арқылы реттеледі».

 www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале