1.03.2016, 12:52
Оқылды: 26

Автопоез шеруі Успен елінде

 Avto poez Uspenovka  Еліміздің тәуелсіздік алуына 25 жыл толу қарсаңында біздің ауданда үлкен-үлкен іс-шаралар жыл басынан басталуда. Соның бірі Бөрлі ауданының бөлім басшылары мен мамандары және дәрігерлері бастаған делегация автопоез шеруін бастап келді.


Бұл делегацияның мақсаты ауыл тұрғындарына өз қызметтерін көрсету, Тәуелсіздік жолында еліміздің жетістіктерін мақтан ету, «Мәңгілік Ел» ортақ ұлттық идеяны насихаттау, халық бірлігін нығайту, мемлекет басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты аясында қоғамдарды топтастыру.

26 ақпаны күні аудан әкімшілігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерейіне арналған автопоез шеруі Успен ауылдық округі Успен ауылында ат тізгінін тоқтатты.Аталған шеру делегациясын ауыл шетінде округ әкімі Г.Зайнуллин мен Ақсақалдар кеңесі төрағасы К.Ишкеев күтіп алып, одан Успен Мәдениет үйінің ауласында жиналған халық, ауылдың ақжауылықты әжесі Ұ.Раушанованың шашуы, ақтан дәм тату рәсімімен қонақтарды қарсы алды.

Шерудің алды бекітілген кестеге сай митингтен басталып, оны сөз алып ауыл әкімі ашты, сонымен қатар ауыл атынан ақсақал М.Абдрахманов пен ауданнан келген делегация атынан ветеринария бөлімінің басшысы М.Ергалиев өтіп жатқан іс-шара жөнінде өз ойларын ортаға тастап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтады. Шара кестесі бойынша ауыл кітапханасында Мәдениет үйі директоры А.Абдрахманов пен кітапхана меңгерушісі К.Гизатуллина ұйымдастырған «Менің елім – Мәңгілік ел!» атты дөңгелек үстел өтті. Оған ауыл ақсақалдары, жас мамандар, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы А.Бексеитов қатысты.

Автопоез ішінде ауыл тұрғындарына өз қызметтерін көрсету үшін аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Баймукашева, ауылшаруашылық бөлімінің басшысы А.Бексеитов, ветеринария бөлімінің басшысы М.Ергалиев, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С.Егинбаев, жылжымайтын мүліктерді тіркеу құқықтары  бөлімінің бас маманы А.Абдрахманов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы А.Басимова, халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы М.Даулетьяров және аудандық ауруханадан терапевт М.Суиндыков бастаған бір топ дәрігерлер адамдармен кездесіп кеңестерін беріп, тұрғындардың шешілмей жүрген кейбір сұрақтарына нақты жауаптарын берді. Аталған басшылар, мамандар және дәрігерлер халыққа өз қызметтерін көрсетіп екі сағаттың үстінде  бұл шара өз жалғасын тапты. Мектептегі оқушыларды қабылдаған хирург, тіс дәрігері, фельдшер мен медбике оларды түгелдей қамтыды. Ересек адамдардың бірталайы дәрігерлермен қабылданды.

Кызмет көрсету шаралары аяқталғаннан кейін, аудандық демалыс орталығының елге танымал әртістерінің «Тәуелсіздік – айбарым!» атты керемет концерті жиналғандарның көңілінен шықты. Сонымен аталған іс-шара өз мәресіне жетіп, округ әкімі Г.Зайнуллин аудан делегациясына ризашылығын айтып, Округтің қоғамдық ұйымдары атынан оларға Алғыс хатты табыс етті.Шараның басынан аяғына дейін ауданымыздың бұқаралақ ақпараттар өкілдерінің зор еңбектерін атап кеткен өте жөн деймін.

Бұл керемет іс-шараны округте жоғары деңгейде өткізуге ат салысып демеушілік көмегін көрсеткен «Нұр» шаруа қожалығының басшысы Светлана Маутиеваға ризашылығымыз өте зор.

www.zhaikpress.kz

Е.Жайлиев

Успен ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале