24.08.2015, 9:15
Оқылды: 20

Автошеру жолға шықты

автопробегҚазақ хандығының 550 жылдығына орай 25-26 тамызда Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында өткізілетін республикалық дүбірлі тойға орай ұйымдастырылған  “Жайық қаласынан Хан ордасына дейін” атты автошеру бүгін таңертеңгі сағат 8-де Орал шаһарынан аттанып кетті.

11923044_870058586415487_808055155_nҚадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығы алдында өткен салтанатты жиында БҚО әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы, «Danakaz» тарихи- танымдық журналы қолдау білдірген шараны ұйымдастыруға бастама көтерген «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин сапардың мақсаты туралы баяндап, ақ жол тіледі.

Облысқа есімі белгілі еңбек ардагері, өлкетанушы Жайсаң Ақбай автошеруге қатысушыларға сәт сапар тілеп, батасын берсе, өнерпаздар қасиетті қара домбыраның шанағынан күмбірлеген күй төгіп, жыр арнап, ән шырқады.

автопробег (7)Автошеруге шығатын топ құрамында тарихшы ғалымдар, өлкетанушылар, әнші, жыршылар, журналистер мен блогерлер, фототілшілер бар.

Мерекелік логотиптермен безендіріліп, еліміздің көк туын желбіреткен көліктер қала ішінде Әбілқайыр хан даңғылы-Сырым Датұлы көшесі-Гагарин көшесі, Еуразия даңғылы-Достық даңғылы арқылы салтанатпен жүріп өтіп, Оралдың іргесіндегі кезінде Бөкей мен Жәңгір бабаларымыз хан ретінде ақ киізге көтерілген Хан тоғайына тоқтайды.

11949715_870058336415512_1410974237_nӘрі қарай 550 шақырым жолды жүріп өтетін сапаршылар ортағасырлық Жайық қаласының орнына аялдап, одан кейін Ақжайық ауданының орталығы Чапаев, Жаңақала ауданының орталығы Жаңақала кенттері арқылы Хан ордасына ат басын тіремек.

11899991_1636798713271325_1824531105131490509_n (1)

 

 

 

Қазақ хандығының 550 жылдық тойында Жайық пен Еділдің арасында Қазақ елінің көк туын желбіретіп, байтақ даланы дүбірлетіп, салтанатпен жүріп өтіп осынау ұлы тойға үлес қосу мақсатын ұстанған автошеру қатысушылары жолшыбай елді мекендерде халықпен кездесулер, акциялар өткізулер өткізеді деп  жоспарлануда. Экспедиция қайтар бағытында Қазталов, Жалпақтал ауылдарының халқымен жүздеспек.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале