24.08.2015, 10:23
Оқылды: 48

Автошеру - Хан тоғайында

хан тогайыы"Жайық қаласынан Хан ордасына дейін" атты автошеруге қатысушыларды Хан тоғайында Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов бастаған топ қарсы алды.

кульгиновБөкей, Жәңгір хандарды ақ киізге көтеріп, хан сайлаған жерде қала әкімі Алтай Сейдірұлы сөз сөйлеп, шараның мәні жоғары екенін айтты.

Белгілі тарихшы Жәнібек Есмурзин бір емес қос ханды ұлықтау рәсімі өткен Хан тоғайына арнайы ескерткіш қоюды және сол жер болашақта жастардың патриоттық рухын көтеретін орын боларын айтты.

кок туТарих тағылымын терең ұғынған шерушілер Хан тоғайында «Ақ киізге көтеріп, хан сайлау» дәстүрінен жаңғыртып, көрініс қойды.

Бір кездері патша үкіметі зеңбірек атып, зәрені қашырғысы келген мекенде егеменді елдің көк  байрағы желбіреді.

www.zhaikpress.kz

Айгүл Ахметова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале