29.09.2015, 20:15
Оқылды: 29

«Адалдың» бәйгесі адал өтті

Sirim adaldin baigesi adal otti    Сырым ауданының орталығы Жымпитыдағы «Адал» дүкені осыдан екі ай бұрын тұтынушылары үшін бәйге жариялаған болатын.  Бәйгенің шартына сәйкес, «Адал» дүкенінен 150 000 теңге көлемінде сауда жасаған тұтынушыларға  ұтыс ойынына қатысу үшін билет берілді. Кешегі аптаның аяғында, дүкен иелері Құрбан айт мейрамына орайластырып, ұтыс ойынының қорытынды шарасын өткізді.

 

Ұтыс өтеді деген күннен бері, жалпы саны 35 адам дүкеннің шартын орындап, билет алған. Ұйымдастырушылардың ұсынысы бойынша, қораптағы билеттерді суыру рәсімі көпшіліктің құзіретіне берілді.

Ұтысқа тігілген сыйлықтардың дені - тұрмыстық техника екен.  Қуантарлығы сол, билет иелерінің барлығы да ойыннан құр алақан кеткен жоқ. Бәріне бәйге бұйырды. Әсіресе, көршілес Ақжайық ауданының Сайқұдық ауылынан келген Серік Сүлейменовтің жолы мықтап болды. Бұл кісі бәйгенің бас жүлдесі – тоңазытқышты ұтып алды. Келесі тоңазытқышты Шағырлой ауылының тұрғыны Мейрамгүл Сұпығалиева иемденді.

«Адал» дүкенінің иелері Ерболат пен Гүлнар Қайырғожиндер кәсіпкерлік саласында 15 жылдан бері еңбек етеді. Бұл екеуі әуелден бері ел – халықтың игілігіне арналған көп жақсылыққа ұйытқы болып жүр.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале