19.05.2015, 18:16
Оқылды: 28

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті

Ortalik kommunikacialar   Бүгін Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық комуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті.

Өз сөзінде қазақстандық Омбудсмен  адам құқықтары қорғаудың ұлттық жүйесін дамыту және елдің Президенті көтерген 5 институционалдық реформа мәнмәтінінде азаматтық қоғамдастықты дамыту үшін жағдайлар мәселелерін туралы атап өтті.

Атап айтқанда, А. Шәкіров олардың әрқайсысының ел үшін өзекті құқық қорғау мәнісімен тығыз өзара байланысына сипаттама берді.

- Азаматтармен өзара қарым-қатынас басты мәселе болып табылады. Сапалы, толық, уақытылы, адекватты және тиісті сипаттағы мемлекетті қызметтерді ұсыну – міндетті шарт және адам құқықтарының барлығын қамтамасыз ету үшін негіз, - деп құқық қорғаушы атап өтті.

Ол тілшілердің назарын «Елдің Президенті мемлекеттік қызмет көрсету ұғымына ең кең ауқымды мағынаны беріп отыр – бұл құзырет шеңберінде лауазымды тұлғалардың азаматтармен кез келген өзара қарым-қатынасы болып табылады» деген сөздерге аударды.

- Көшелерді жарықтандыруды қамтамасыз ету, мектептерді және ауруханаларды салу, тиісті емдеуді ұсыну, мекенжай анықтамасын беру, азық-түліктердің сапасын бақылау, құқық бұзушылықтарды алдын алу және басқа да кез келген әрекеттер болуы мүмкін, -деп сөз сөйлеуші нақтылап өтті.

«Реформалар азаматтық, саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық құқықтардың ең кең ауқымды кешеніне бағытталған» деп атап өтті.

Омбудсменнің айтуы бойынша, қоғам мен БАҚ мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасын қылт етпей бақылауда және де сол себепті реформа толық көлемде уақытылы болып табылады. Бұл өз кезегінде азаматтық сана –сезімінің жаңа деңгейін көрсетіп отыр, біз соңғы уақытта осының қарқынды өсуінің куәгерлері болып келеміз.

Атап айтқанда, бұны өткен президенттік сайлауға қазақстандықтардың белсенді қатысуы көрсетіп отыр.

Ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің тәжірибесі «мемлекеттік-азаматтық әріптестіктің перспективалары мен мүмкіндіктерін» көрсетті:  реттеудің тиімділігі, барлық мүдделі тараптарды барынша қамту, шешімдерді қабылдауда қоғамның қатысуы,  мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысы, сондай-ақ нақты айқындалған проблеманы адекватты, жедел және пәрменді шешу».

Азаматтар Омбудсменге жолданған шағымдарында заңдардың және халықаралық құжаттардың нақты нормаларына жүгінеді, ал өз кезегінде көп жағдайда жекелеген лауазымды тұлғалар, ең бастысы жергілікті деңгейлегілер азаматтардың қойған мәселелері мен проблемаларына негізді, нақты және іс жүзіндегі жауапты беру қажеттілігін елемейді.

  • Азаматтық қоғам қазір Елбасымен бірге 21-ғасырға әрі қарай қадам жасаса, жекелеген жергілікті шенеуліктер сонау Қазақстанда қалып қойды, оның тұрғындары заңдарды білмейді және басқарудың жоғары сапасын қажет етеді, - деп сөз сөйлеуші айтып өтті.

Сол себепті өңірлерде мемлекеттік қызметшілердің кәсіптілігін арттыру бойынша жұмысты жүргізу маңызды болып табылады, бұл «мәселе уақытылы шешіле ме немесе азаматтың проблемасы орталық органдардың араласуын қажет ететін жаңа әкімшілік бөгеттерге ие болатыны» мемлекет қызметшілерге байланысты.

- Көшбасшының институционалдық реформалары азаматтық қоғамдастық дамуының келесідей кезеңінің маңызды шарты мен тұжырымдамалық негізі болып табылады,  - деп А. Шәкіров тұжырымдады.

Бес институционалдық реформаның өзектілік мәселесін қозғаған Омбудсмен тілшілерді өз мекемесінің азаматтардың шағымдарын қарау бойынша, соның ішінде денсаулықты қорғауға берілетін құқықты, балалар мен мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін, тұрғын үй мен еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыс тәжірибесімен таныстырды.

Омбудсмен сөз соңында тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

www.zhaikpress.kz

ҚР Адам құқықтары жөніндегі

уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале