24.06.2016, 19:53
Оқылды: 25

«Азаматтарға арналған үкіметте»  фронт-офистерді жаңғырту жүріп жатыр

?????

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік қызметтерді алу үшін фронт-офистерді  жаңғырту  жұмыстары жүруде. Әрбір кеңседе корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай ақпараттық базасы, кедергісіз қызмет көрсету, электрондық кезек енгізіліп отыр. Сондай-ақ нақты жұмыс режимінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін бақылауға болатын ахуалдық орталық енгізілген. Бөлімдердің көпшілігі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне көшкен.


Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияда жаңғырту жұмыстарының екі кезеңі аяқталып, нәтижесінде аудандық және ауылдық  маңыздағы елді мекендер 120 бірыңғай фронт-офистермен қамтамасыз етілген. Енді азаматтар мемлекеттік корпорация көрсететін барлық қызмет түрлерін бір жерден ала алады.

Офистерді оңтайландыру азаматтардың қызметтерді бір жерден алуына мүмкіндік бермек.

 

www.zhaikpress.kz
Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале