13.09.2016, 14:14
Оқылды: 36

Азаматтық альянс қауымдастық қызметі жөнінде есеп берді

%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d1%8c%d1%8f%d0%bd%d1%81       “Қазақстан-Орал” телеарнасында баспасөз отырысы өтті. Оған “БҚО Азаматтық Альянсы” қауымдастығының директоры Әлия Салиева қатысып, аталмыш қауымдастықтың қызметі жөнінде қысқаша есеп берді.

-Тамыз айының ортасында “ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді және қоғамдық-саяси жұмыстарды дамыту комитеті” ММ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы бойынша жұмыстар қолға алынды.

Бұл жобаның мақсаты - “ Қоғамдық кеңестер туралы” ҚР Заңының жүзеге асырылу тиімділігін арттыру. Ағымдағы жылдың басынан бері облысымызда облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі қоғамдық кеңестер құрылды, деп Әлия Салиева келешекте атқарылар іс-шаралар жөнінде баяндады.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале