20.05.2016, 11:29
Оқылды: 44

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

mediacia   Қаратөбе аудандық сотымен талапкер М-ның жауапкер А-дан 500 000 теңге ақшаны өндіруді сұраған азаматық ісі қаралды.

   Сот отырысында талапкер М. талаптың мөлшерін өзгертіп жауапкер А-дан қарыздың толық сомасы 1 000 070 теңгені өндіруді сұрап, қосымша арыз ұсынды.


  Іс материалдарына сәйкес жауапкер талапкерден қарызға ақша алған. Ол жөнінде жазбаша қолхат толтырылған. Алайда жауапкер аталған талапкерге соманы күні бүгінге дейін қайтармаған. Жауапкер А. талап арызды мойындады.

  Сот отырысында тараптар араларындағы дауды кәсіпқой емес медиатор арқылы шешіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініштерін мәлімдеді.

   Сот, ҚР АПК-нің 48-бабын басшылыққа алып, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі заңға қайшы келмейтінін немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын ескеріп, тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілуге жатады деп тапты.

    ҚР АІЖКнің 277 бабының 6) тармақшасына сәйкес тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, оны сот бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Талапкерге талап арыз берген кезде төленген мемлекеттік баж кері қайтарылды, - дейді сот залынан Қаратөбе аудандық сотының сот отырысының хатшысы Самалгүл Жұмағалиева.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале