7.10.2015, 15:14
Оқылды: 22

Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылғанына 20 толуына арнап «Ашық есік» күнін өткізді

Yoyenshe jagdai departamenti    Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылғанына 20 толуына арнап «Ашық есік» күнін өткізді.

Іс-шараға Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжінің студенттері шақырылып, құтқарушылар студенттерге төтенше жағдайлардағы бірінші кезектегі құтқару әрекеттері туралы, оның қауіпсіздігі туралы айта келіп, жасақтағы соңғы үлгідегі құтқару техникаларымен және құрылғыларымен практика жүзінде құтқару жұмыстарының қалай жасалатынын демонстрациялап көрсетті.

Іс-шара кезінде Азаматтық қорғаныс басқармасында курста оқып жатқан облыс мектептерінің директорларының қатысуы қамтамасыз етілді.

Бас мамандар А. Швейкин, Е. Ермеғали, Н. Жұмағалиевтар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау - бұл құтқарушылардың алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі екендігін айтып өтті.

Экскурсия барысында студенттер ең алдыменен Жедел-құтқару жасағының құрылу тарихыменен, құрылыменен, құралдарыменен және жабдықтарыменен танысты.

Экскурсия кезінде студенттер құтқарушылардың өздерімен жүзбе-жүз кездесіп, олар туралы білгісі келетін сұрақтарының барлығын дерлік қоюға тырысып, қандай құралдың қай кезде қоданылатынын, құтқару жұмыстарының қалай ұйымдастырылатынына  көздерін еркін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖ департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале