5.02.2016, 10:30
Оқылды: 75

«Азияға» кел, ағайын!

  Zelenov Azia  Зеленов ауданы орталығынан шалғайда жатқан Махамбет ауылдық округіне кіре беріс жолда жуырда  40 орындық  «Азия» атты кафе ашылған болатын.

Самара-Шымкент тас жолын бойлай орналасқан ауыл жанынан жаңа орынның салынуы алыс жолға жүгін арқалай шыққан жолаушылар үшін жағымды жаңалық болды.


Аудандық әкімдік келісімімен, аудандық ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен жер теліміне қол жеткізіп, тоғыз  жолдың торабында орналасқан кафенің жұмысын дөңгелетіп отырған Махамбет ауылының тумасы Нұргүл  Өтеева.

- Отбасымызбен бұл жерден тамақтанатын орын салуды жөн көрдік. Қазірде кафемізде 7 адам жұмыспен қамтылды. Ендігі кезекте нысанның жұмысын кеңейтіп үлкен кешенге айналдыру жоспарымызда бар. Яғни, көлік жуатын орын, қонақ үй, моншаның ірге тасын қаламақпыз, - дейді Нұргүл Қынадиқызы.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале