25.03.2016, 15:25
Оқылды: 26

Азия және әлем чемпионатына жолдама ұтты

?

   2016 жылдың 15-18 наурыз күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында қол күресінен (армрестлинг) 1998 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Жарысқа жалпы ҚР-ның түкпір-түкпірінен 16 команда, 800 спортшы қатынасты. Чемпионатқа қатысушылар қатарында БҚО құрама командасы, оның сапында Орал қаласының және Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де болды.


Дүбірлі дода нәтижесінде 55 келі салмақта Руханият Ертайұлы ІV-орын, +80 келі салмақта Фархат Қалиев V-орын, 75 келі салмақта Сүйесін Құмаров ІХ-орынға табан тіреді.

Әсіресе, 45 келі салмақ дәрежесінде Қуаныш Саламатов үлкен нәтижеге қол жеткізіп, ІІ орынды жеңіп алып, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болды.

Алла жазса, Қуаныш ағымдағы жылдың сәуір айының 24-27 күндері аралығында Өзбекстан Республикасының астанасы Тәшкенде өтетін Азия чемпионаты және тамыз айында Болгарияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Айта кету керек, жасөспірімдерді айтулы додаға дайындап жүрген Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Қол күресі»  үйірмесінің жаттықтырушысы Нұрқат Нысановтың еңбегі ересен.

  www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале