30.12.2015, 17:32
Оқылды: 22

Азия чемпионатының қола жүлдегері Наргиза!

 

SONY DSC

Қытайдың Гонгконг қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында спорттық бағдарлаудан Азия чемпионаты өтті. Сары құрлықтың 11 елінен келген 300-ге жуық спортшы бақ сынаған бәсекеде еліміздің атынан сынға түскен Зеленов ауданы Қасым Аманжолов атындағы мектеп оқушысы Наргиза Иргусаева тамаша нәтижеге қол жеткізді.


Алдымен ел құрамасы сапында командалық эстафетада  Қытай елі мен Гонгконг құрамасын алға жіберіп, үздік үштікке ілікен ол кейін спринт бәсекесінде тағы да үшінші орыннан көрінді.

   Жас бапкер Серік Хайруллиннің қол астында жаттығып жүрген спортшы қыз: «Бұған дейінгі барлық жарыстарымның ішіндегі ең ауыры осы болды. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бүгінгі жетістікпен тоқтап қаламын деген ой жоқ. Бар арманың еліміздің туын әлемдік бәсекеде желбірету»,-дейді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале