16.06.2016, 13:42
Оқылды: 25

АЙБЫНДЫ ӘСКЕР – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

????????????????????????????????????

Аудандық қорғаныс істері және білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен  Сырым ауданы Аралтөбе ауылында жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери дағдыларға үйрету мақсатында 10 сынып бітіруші 81 оқушының қатысуымен 5 күндік оқу-далалық жиыны ұйымдастырылды.


Әскери оқу барысында автоматты жинап-бөлшектеу, гранат лақтыру, мылтық ату, турникке тартылу, 100 метр қашықтыққа жүгіру бойынша сайыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы командалық есепте ІІІ орын Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектебіне бұйырса, ІІ орынды Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп оқушылары місе тұтты, ал І орынды Бұлдырты орта мектебінің сарбаздары қанжығаларына байлады. Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие мен сапалы практикалық сабақ жүргізген оқытушылар қорғаныс істері және білім беру бөлімдері басшыларының алғыс хаттарымен марапатталды.

www.zhaikpress.kz
Үміт Жәңгірова
Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале