4.05.2016, 11:31
Оқылды: 20

"Айбын" облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтуде

  Aibin   Орал қаласындағы №47 ЖОББМ -інің базасында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Айбын" облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтуде.


     Облыстық білім басқармасы "Өркен"қосымша білім беру орталығы мен облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті ұйымдастырған шараға 14-18 жас аралығындағы облыстық және қалалық әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері бақтарын сынауда. Барлығы 17 команда, 340-таған жасөрендер сынға түскен жарыс, түс ауа қорытындыланбақ.

    Жекелеген аталым жеңімпаздарынан облыстық құрама команда жасақталып, мамыр айынын соңында Қарағанды қаласында өтетін республикалық жарыста өңіріміздің намысын қорғайтын болады.

www.zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале