13.05.2015, 18:31
Оқылды: 21

Айдархандағы Ұлы Жеңіс тойы

 Zhanakala 9 maiЖеңіс күніне арналған мерекелік шараны айдархандықтар да дүбірлетіп тойлап, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын қуанышпен қарсы алды. Айдархандықтар қан майданда ерлігімен көзге түсіп, жеңісті жақындатқан 4 бірдей арысына ескерткіш тақтаның ашылуын да осы күнмен байланыстырған еді. Орталық көшемен жүріп өткен шерушілер Айдархан көшесінің бойындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Ишан Ақжанов тұрған үйдің алдына сап түзеді.

Шара мектеп алаңындағы елге қайтпаған жауынгерлерге арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қою рәсіміне жалғасты. Аудан әкімінің орынбасары Б.Саматов пен  еңселі ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Отан үшін жанын пида еткен аталарға тағзым жасады. Зұлмат соғыстың зардабынан қаза тапқан боздақтарды еске алу үшін бір минөт үнсіздік жарияланды.

Мерекелік концерт аяқталысымен, жұртшылық дала қызығын тамашалауға асықты. Мұнда құнан, тай жарыс, қазақ күресі, ұтыс ойыны оздырылып, мереке көрігін қыздыра түсті.

3 шақырымдық жарыс жолына 6 тай шықты. Сап түзеп, тайларын ойнатып шыққан шабандоз балаларды жанкүйерлер ду қол соғып, қошеметпен қарсы алды. Бұл бәсекеде мәреге бірінші болып кіші айдархандық Мақсат Мақсотов келді.

Келесі кезекте бағдарламаға сәйкес 6 шақырымдық құнан жарыс өткізілді. Оған 5 құнан қатысты. Құнан жарыс тартысты әрі қызықты болып өтті. Алғашқы болып айдархандық Нұрлан Сәрсенбаев келгенмен мәре сызығына жетпей тұлпары сүрінген Нұрлан екінші орынды місе тұтты. Ал бірінші орынды мәстексайлық Есей Ақжанов жеңіп алды.

www.zhaikpress.kz

Надежда Есетова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале