10.06.2015, 16:54
Оқылды: 27

«Айжұлдыздың» жүлдесі

жүлдемен оралдыБүгін Сәтбаев атындағы орта мектептің 7 мен 9 жас аралығындағы оқушылардан  құрылған «Айжұлдыз» би ансамблі Алматы қаласынан жүлдемен оралды.

Хореограф Маягүл Сариева жетекшілік ететін аталмыш топ маусымның 6 күні Алматы қаласында өткен  халықаралық «Күншуақ» фестиваліне қатысып, 90-ға жуық би ансамблдерімен бірге өз бақтарын сынаған болатын.

Кіші топ деңгейінде өнер көрсеткен бүлдіршіндеріміз қазақ биі «Домбыра мақтанышым» мен «Яблочка» билерін халық назарына ұсынды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша аталмыш топтың өнері жоғары бағаланып, бас жүлдені жеңіп алды. Шараны ұйымдастырушылар алқасының атынан оларға диплом мен кубок табысталды.

Сондай-ақ «Айжұлдыз» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Маягүл Нұрланқызы да би ансамблін бас жүлде деңгейінде дайындағаны  үшін дипломмен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Н.Серікқызы,

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале