20.04.2016, 16:26
Оқылды: 34

Айналдым сенен, Атамекен!

Taskala Timur         Тасқала ауданының әншісі Тимур Тапаловтың Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Айналдым сенен, Атамекен!»  атты ән кеші өтті.


     Өнер жолында жүргеніне 15 жыл толып отырған Тимурды жиналған қауым ыстық ықыласпен тыңдады. Шетелдік, халықтық әндерді орындаған сайын, лық толы зал ризашылығын ду қол шапалақ пен құшақ-құшақ  гүлдермен білдіріп отырды.

        Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Рахимов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова құттықтау сөз сөйлеп, бағалы сыйлықтар табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Гүлістан Қанатқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале