23.11.2015, 17:42
Оқылды: 52

Айсұлу ақын Сырым ауданында болды

Sirim barip kait 01   «Барып қайт, балам, ауылға туған барып қайт,

Саранды құрып, сүргіңді біраз салып қайт» деп жырлаған ақын апамыз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаева жуырда ауданымызға арнайы сапарымен келіп,  қалың жұртшылықпен кездесу барысында өзінің шығармашылық кешін өткізді.


Ақын Айсұлу апамыз кездесу алды ауданымыздың тарихи-өлкетану музейінің шежіресімен танысып, Қадыр ескерткіші, Алаш саябағын аралаған соң аудандық мәдениет үйінде «Барып қайт, балам, ауылға» атты шығармашылық кездесуін жалғастырды. Ақын сөзіне жазылып, елге деген сағыныштан туған  осы ән «Демалыс орталығының» әншісі Армат Алдамжаровтың орындауында көпшілік құлақ түріп, тыңдады.

Sirim barip kait 02

Сырлы сұхбат барысында ақын Айсұлу апамыз өзінің өршіл жырларынан да үзінді келтірді. Ана бейнесін асқақтата көтерген «Ақ мамам» лирикалық және "Иманға  жүгін, ей пенде!" атты шығармаларының шығу тарихымен таныстырды. Ақынның жүрегінен шыққан жалынды жырларын кеш барысында Мұрадым Ғұбайдуллин, Көпбол Мұхамедов, Инаргүл Жанғожиева, Назерке Бөпешовалар жатқа оқыды.

Ақын апамен арнайы мейман ретінде жыршы Науат Тілеужанқызы  қазақтың қара домбырасын қолы алып, Майлықожа, Нартуғанның термелерін, «Іңкәрім-ай» әнін шабыттана шырқады. Халықты өлең-толғауларымен сусындатып, кереметтей көңіл күй сыйлаған осынау кештің иесі Айсұлу Қадырбаеваға аудан жұртшылығы атынан ризашылық білдірген аудан әкімі Абат Шыныбеков, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов әсерлі өткен кеш көпшіліктің есінде мәңгі қалатынын, ақынның ұрпаққа қалдырар өрнекті туындыларын мақтаныш етіп айтып,  ақын Айсұлу мен термеші Науатқа сый-сияпат көрсетті.

 www.zhaikpress.kz

М.Мәлікқызы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале