7.04.2016, 19:25
Оқылды: 28

Айсәуле грант иегері

Kaztalovka Tyrkistan     Еліміздің 11 сынып бітірушілері арасында өткен ІІI Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының IІ-ші кезеңіне С.Есетов мектебінің 4 оқушысы жолдама ұтып алған еді. Осыған орай 29-30 наурыз күні Түркістан қаласында «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде» оздырылған олимпиадада Айнара Айтжанова физика пәнінен, Гүлфара Досжанова биология пәнінен, Зарина Үмбет және Айсәуле Аткеева қазақ тілі пәнінен бақтарын сынады.


     Нәтежесінде қазақ тілі пәнінен Айсәуле Аткеева жүлделі III орын алып, грант иегері атанды.

     С.Есетов мектебін биіктен көрсеткен Айсәулеге, жетекшісі Гүлдана Сейітоваға жеңістеріңіз құтты болсын дейміз.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале