15.09.2016, 16:14
Оқылды: 22

Айтулы даталарға арналған веложарыс

bokeiorda-velojaris  Ел Тәуелсіздігінің сонымен қатар Қазақстан Республикасы прокуратурасының ширек ғасырлық мерекелеріне орай аудандық прокуратура мен мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен аудан орталығы – Сайқын ауылында веложарыс оздырылды.


Айтулы даталарға арналған бұл спорттық шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева да, аудан прокуроры Нартай Байменов те велошабандоздарға сақтық шараларын сақтай жүріп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді.

Жасөспірімдер жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінді. Шайтан арбаны тізгіндеген 2002-2004 жылы туғандар арасында Бағдат Өтебаевтің асығы алшысынан түссе, оның ізін  басып мәреге Алмас Ерболатов жетті. Үздік үштікті Елдар Сатқанов аяқтады. Ал, 2005-2007 жылы туғандар арасында Әділет Бұрхан қарсыластарын шаң қаптырса, Сұлтан Ескендіров одан қалыспауға тырысып ІІ орынды еншіледі. Жүлделі ІІІ орын Достық Насимоллинге бұйырды.

Жеңімпаздар Дипломдармен, аудандық прокуратураның  сый-сыяпатымен марапатталды.

Өз тілшімізден

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале