7.04.2016, 19:21
Оқылды: 39

Айтыскер ақынды еске алды

 Sirim aitisker akin     Сырым аудандық мәдениет үйінде еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығы, «Туған жерге тағзым» акциясы және Нұр Отан партиясының «Ұлы дала жобасы» аясында айтыскер ақын айтыстың алғашқы қарлығашы атанған Жаңыл Жұрмағамбетованы еске алу кеші өтті.


     Кешке ақынның ұрпықтары Есенғалиева Меңдігүл, Бибігүл, Күлән және Ж. Жұрмағамбетованың інісі Наурызбай Жұрмағамбетовтармен қатар, кезінде ақынның көзін көрген айтыскер ақындар қатысып, естеліктерімен бөлісті. Шара барысында аудан көркемөнерпаздары әннен шашу шашса, жергілікті ақындар сөз қағыстырып, кеш көрігін одан әрі қыздырды. Кеш соңында аудандық мәдениет үйінің директоры С. Нұрпейісов сөз сөйлеп, ақынның туыстарымен кеш қонақтарына естелік сыйлықтарын табыстады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале