17.07.2015, 14:22
Оқылды: 19

Айт намазы оқылды

Kaztalov ait namazi okildi  Ораза ұстап, тарауих намазын оқып, пітір, садақамызды беретін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Алла тағаланың рахымы мен мейіріміне, кешірімі мен шарапатына толы бұл аймен қоштасарда көңілде қимастық сезімі ұялайды.

Алайда қасиетті айдың артынша Айт мерекесі де келіп, дүние мен ақыреттің ғажап құндылықтарын сездіріп, жүрегімізді ерекше рақатқа кенелтеді. Бұл мереке бір айлық оразадан кейінгі жалпы халықтық ауыз ашар іспеттес. Кей ғалымдардың бұл айтты “Ифтар” (ауыз ашар) айты” деп атауы да тектен тек емес. Айт намазы дiнiмiздiң ұраны болғандықтан, Пайғамбары-мыз (с.ғ.с.) өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды.

Осыған орай 17 шілде жұма күні орталық мешітте Айт намазы оқылды. Мешітке жамағат көп жиналды. Жиналған жамағат алдында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, Қазталов мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов Рамазан айының аяқталуымен және Айт мерекесінің басталуымен құттықтады.

Айт намазына келген Нұрхат Ғазизов есімді жас жігіт мешітке Құран кітабын сыйға тартты.

Бұдан кейін ауылымыздың белгілі кәсіпкерлерлі Ахмет – Рая Сұпағалиевтер отбасы Айт мерекесіне арнап, арнайы дастархан жайды. Дастархан басында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, имам Жандосбек Құсайынов және басқалары, - Қасиетті Рамазан айының аяқталып, Айт мерекесінің басталуымен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа береке, бірлік тіледі.

www.zhaikpress.kz

Гүлфия Көшбаева

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале