12.01.2016, 18:06
Оқылды: 34

Айыпкер азаматтық танытты

 Bokei yipker  Бөкей Ордасы ауданының қазынашылық басқармасы ғимараты жанындағы газ кұбырын бортты «УАЗ» автокөлігі іліп кетіп, сол төңіректегі тұрғындарды біраз уақыт көгілдір отсыз қалдырды.


Куәгерлердің айтуынша, айыпты жүргізуші осынау құбырдың астымен бұрын да көлігімен талай ойқастағанын алға тартып, бар кінәратты қарға жауыпты-мыс.

 Тек оның өзгелердей бой тасаламай, тиісті органдармен шұғыл хабарласып, жөндеу ісіне білек сыбана араласуын азаматтық деп білдік.

www.zhaikpress.kz

Д.ӘЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале