18.02.2016, 16:13
Оқылды: 22

Айыппұл төлемей қашып жүрген автокөлік иелері ұсталды

Gaiii   16 ақпан күні батысқазақстандық сақшылар Ақсай қаласында жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, рейдтік шаралар жүргізді.


БҚО әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның нәтижесінде 516 мыңнан астам әкімшілік айыппұлын төлемеген 28 автокөлік иесі ұсталды. Олардың көліктері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 797-бабына сәйкес айып тұрағына қойылды. Шара барысында жүргізушілерден 230 мыңнан астам теңге өндірілді.

Айта кетейік, ішкі істер департаменті қарамағында сонымен қатар әкімшілік айыппұл төлемеушілерді анықтайтын 2 жылжымалы, 4 стационарлық «Автоураган» кешендері жұмыс жасайды.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале