3.12.2015, 11:09
Оқылды: 29

Айқын бағыт адастырмайды

Akjayik seitkereeva   Елбасының қарашадағы Жолдауын барша ауылдастарым секілді, ықыласпен тыңдадым. Әрине, оны дәйекті түрде оқып-үйренетін боламыз. Өйткені бұл құнды құжат біле-білгенге, өмірімізге шамшырақ болып табылады.

Жаңа Жолдаудан мемлекетіміздің тұғырын нығайту үшін әлі де небір бұралыңқы жолдардан өту керегін жақсы түсіндім. Соның бәрі қазақстандықтар үшін елдігімізге сынақ болып табылады. Иә, Елбасы елімізге аса жауапты сәт туындап отырғанын ұғынықты баяндады. Жаһандық ахуал көз алдымызда өзгеруде. Мұндайда бізге әлбетте, сақтық та, мұқияттылық та, ықтияттылық та тап ауадай қажет. «Ұрыста тұрыс жоқ» деген, Елбасы айтқандай, намысқа қамшы басуымыз керек.


 

Менің Орал-Атырау күре жолында дәмханам, сондай-ақ наубайханам бар, бірнеше кісіні жұмыспен қамтып отырмын. Халыққа қызметті қолымыздан келгенше қапысыз атқаруға тырысудамыз. Әрқайсымыз өз ісімізге ыждағатты болсақ, елге титтей болса да пайда әкелуге тырыссақ, небір қиындыққа қарсы соққымыз сол болып табылады. Жаңа Жолдау басым бағыттарды, айқын міндеттерді дәл анықтап берді. Ал айқын мақсат адастырмайды.

www.zhaikpress.kz

Ләззат СЕЙІТКЕРЕЕВА

жеке кәсіпкер

Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале