28.10.2015, 9:46
Оқылды: 21

Академияда білім алуға шақырды

 

академия (1)Ақжайық өңіріне Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы тәрбие бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанғабылов Әбдіраман Зұлпыхарұлы кәсіптік бағдар беру мақсатында жұмыс сапарымен ат басын бұрып, өлкеміздегі  білім ордасының  оқушыларымен жүздесті.

Іссапар барысында Әбдіраман Зұлпыхарұлы қаламыздағы бірқатар білім ошақтарына барып, Орал қаласындағы №1, №2, №3, №7, №21, №40, №41, №43 мектептерінің жоғары сынып оқушыларына 45 жылдық тарихы бар Академияның  құрылу сатысынан бастап, осы оқу орнындағы білім сапасы, оқытушылар құрамы, мамандықтар, даярлық курстары, үйірмелер, спорт жұмыстары және оздырылатын тәрбиелік, мәдени-ағарту шараларын бүге-шүгесіне түсіндіріп берді.

академия«Ішкі істер органдарындағы қызмет – бұл мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Академияның түлектеріне «полиция лейтенанты» арнаулы атағы беріліп, олар міндетті түрде ішкі істер органдарының аумақтық бөліністеріне жұмысқа орналастырылады және бөлінген жері бойынша үздіксіз 5 жыл жұмыс істеуі тиіс. Академияда білім алу – бұл сапалы біліммен және жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік!» - деп атап өтті Әбдіраман Зұлпыхарұлы өз сөзінде.

«Қай мамандықты таңдасам екен!?» - деп, арман сағымында жүрген жас буын үшін бұл кездесудің мәні зор болды. Олар да өздерінің көкейінде жүрген сан-салалы сұрақтарын қойып, нақты жауап ала білді.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале