1.08.2016, 17:08
Оқылды: 20

Акцияға үлес қосуда ішкі істер органдары көш бастап келеді

Республика бойынша сегізінші рет ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» акциясына үлес қосуда облыстық ішкі істер департаменті көш бастап келеді. Ұжым қызметкерлері 2015-2016 оқу жылы әлеуметтік аз қамтылған отбасы, жетім балалардың мектепке баруына  6 млн. теңге қаражат бөлсе, 2016-2017 оқу жылына 5 млн. теңге бөлуді жоспарлап отыр.


Бұл туралы облыс әкімдігінің кіші залында «Мектепке жол» акциясының басталуына орай өткен селекторлық кеңесте айтылды.  Жиынға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов төрағалық етті.13884515_1754190124829070_2069279076_n (1)

- Акция Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымызға орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілмек. Шара ағымдағы жылдың 1 тамызынан басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Бірнеше жыл бойы қатарынан өткізіліп келе жатқан шара оң нәтиже көрсетуде. Облысымыз бойынша сегіз жыл ішінде 117 647 балаға 534 млн. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Былтырғы жылы акция барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасының 19500 баласына 101 млн теңгенің, соның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 11 157 балаға қаржылай және материалдық көмек көрсетілді. Өткен жылдармен салыстырғанда Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Қаратөбе, Теректі аудандары мен Орал қаласы бойынша материалдық көмек көрсету жақсы деңгейге жетіп отыр. Жыл сайын демеушілер мен бизнес құрылымдардың, жеке адамдар,  түрлі мекемелердің белсенділігі артып, қол ұшын  созып келеді. Солардың арасында үшінші жыл қатарынан көш басында тұрған  облыстық ішкі істер департаменті өткен оқу жылы 6 млн.теңгеге көмек көрсетті, - деген облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың ішінен материалдық көмекпен қамтылмай қалған оқушы жоқ екенін атап өтті.

Одан әрі Марат Лұқпанұлы аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысын талқылап, акция бойынша төмен көрсеткіш көрестіп отырған  аудан басшыларына өткір сын айтып, жұмысты жандандыруға тапсырма берді.

- Алдын ала берілген мәлімет бойынша Зеленов, Қазталов, Жәнібек, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында материалдық көмекті қажет ететін балалар саны басқа аудандармен салыстырғанда көрсеткіші жоғары. Дегенмен, оларға жан-жақты көмек көрсету үшін бюджеттен қаралатын қаржы өз алдына, жеке адамдар мен бизнес құрылымдарын, демеушілерді тарту жетіспей жатыр. Бұл тікелей Елбасының қадағалауындағы тапсырма болғандықтан, акцияға жайбарақат қарауға болмайды. Алдағы уақытта акция бойынша сараптамалық қорытынды жасалып, әр ауданның есебі тыңдалатын болады, - деді облыс әкімінің орынбасары.13898147_1754190128162403_1875884681_o

- Бүгінгі таңда ішкі істер органдарында 96 қолайсыз отбасы тіркеуде тұр. Олардың ішінде 300-ден астам бала тәрбиеленуде. Биыл кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында 23 қылмыстық оқиға тіркелді. Соған орай жергілікті полиция қызметінің басшылары түнгі мезгілдегі жұмысты жандандырып, рейдтік шараларды күшейту керек. Жазғы демалыс кезінде балалардың қараусыз қалуына жол жоқ. Жоғарыда аталып өткендей, «Мектепке жол» акциясы шеңберінде ішкі істер органдарының полиция қызметкерлері 6 млн.теңгеге үлес қосты. Бұл ұжымының бірлескен шешімі. Биыл да жұмыс жоспары бойынша офицерлер мен жеке құрам арасында кеңестер өткізіліп, ұсыныстар қолдау тауып, алдағы уақытта  5 млн.теңге қаржы бөлінеді деп жоспарлануда, - дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы Манарбек Ғабдуллин.

Жиын соңында Марат Лұқпанұлы «Мектепке жол» акциясы бойынша төмен көрсеткіш көрсетіп отырған аудандарға жұмысты ширатуға тапсырма беріп,   облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Әбисатовқа алғысын білдірді.

Ляззат Шағатай

WWW.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале