21.07.2015, 18:10
Оқылды: 31

Акцияға үн қосайық!

Zelenov akciaga yn kosayik  Жайық өзенінің бассейні өңір жұртшылы мен халық шаруашылығын ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі. Сондықтан да өзен жағасын таза ұстау әр бір адамның азаматтық міндеті.

Осы орайда Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Жайық өзеніне экологиялық және тарихи-мәдени Қазақстан-Ресей экспедициясы шеңберінде 2015 жылдың 25 шілдесінде Атырау, Батыс Қазақстан облыстарымен қатар Ресей Федерациясының Орынбор облысының қатысуымен бірлескен «Таза жағалау» акциясы өткізілмек.

Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Жайық өзенін жағалай орналасқан елді-мекен тұрғындарын, шаруа қожалықтарын, кәсіпорындар мен мекеме ұжымдарын өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан, құлаған ағаштардан, қоқыстан тазартуға шақыруда.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале