23.08.2016, 15:04
Оқылды: 40

Акция қолдау тапты

Мектепке жол СШ2Жақсылыққа жаны құмар жомарт жандардың қолдауымен өтетін «Мектепке жол» акциясы Бөрлі ауданындағы жалпы білім беретін №2 орта мектебінде де оздырылды. Акцияға ат салысқан «КИОС» ЖШС-нің президенті  Оливьери Джанкарло, «МКС Мулттикатеринг Қазақстан ҚО» ЖШС директоры Брешиа Вито, «МонтажТехСервис» ЖШС директоры А. Хайруллин, «Сайпар» компаниясының жеткекшісі Джонн Онил, аудандық прокуратурасының прокуроры Е. Бердіғалиев, жеке кәсіпкер Т. Утениязова, «Айя» шаштаразының басшысы М. Ахмадиева және «Арт Дент» стоматологиясының иесі А. Елеусіновалар мектептегі 33 оқушыға мектеп формасы мен сөмкелер сыйға берілді. Бұнымен қоса шара барысында «Арт Дент» стоматологиясының иесі Алма Болатқызы мектептегі түзете дамыта оқыту сыныптарына 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсететінін айтты.

Жүректері мейірімге толы, қайырымды жандарға мектеп директоры А. Қадырғалиева шексіз ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

 

Айым Нұрғалиева

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале