29.06.2016, 15:57
Оқылды: 23

«Алаудағы» шәкірттер көршілес аудан орталығында

alaudagy shakirtterАқжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округінің Талап орта мектебінің жанындағы «Алау» жазғы демалыс лагеріндегі оқушылардың үлкен бір тобы жетекшілері К.Сүлейменова мен Ж.Құсайынованың бастауымен Жымпиты ауданының орталығында болды.


Тарихы аса бай ауданның тарихи-өлкетану, қазақтың батыры, қолбасшысы Сырым Датұлы, әйгілі шайыр Қадыр Мырза Әлінің мұражайларын тамашалап, Ұлы Отан соғысының батырлары құрметіне орнатылған ескерткіштер мен Алаш арыстарына арналған саябақтарды аралаған олардың көңілі тіпті көтерілді. Олар жымпитылық құрдастарымен еліміздің тәуелсіздік шежіресі және алда келе жатқан Астана күніне орай толғамдарымен бөлісті.

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале