14.11.2015, 11:39
Оқылды: 27

Алаяқтан абай болыңыз!

Alaiak  Астана қаласы Алматы ауданының тұрғыны 1983 жылы туған Ибраев Қуаныш Жұмакелдіұлы және 1966 жылы туған Садуова Гүлнара Каппарқызы есімді алаяқтар Қазталов ауданы Жалпақтал ауылындағы «Казпочта» мекемесінің ішінде  1966 жылы туған жаңақалалық екі азаматшаны алдап соққан. Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметіне сүйенсек қос алаяқ ауыл тұрғындарының сеніміне кіріп, төмен пайызбен несие алып бермек болған. Атап айтсақ, Пятимар ауылының тұрғыны Қ есімді азаматшаныңсеніміне кіріп, 94 000 теңгесін және 1986 жылы туған Ж. есімді азаатшаның 112 090 теңгесін жымқырып, бой тасалаған.

Қазіргі таңда аталмыш қылмысқа қатысты Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінде тергеу амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале