6.04.2016, 19:35
Оқылды: 26

Алаяқтардың айласы толастар емес

 Alayaktik      Батыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз-қызметінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізген профилактикалық жұмыстарына қарамастан, азаматтар алаяқтардың «қармағына» ілініп қалып жатады. Алаяқтық қылмысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 6-тарауына сәйкес мүлікке қарсы қылмыстар қатарына жатады, сонымен қатар аталған тараудың 190-бабына сай алаяқтық қылмысының диспозициясы, олардың белгілері және жаза санкциялары көрсетілген.


     2013 жылдың 1 тоқсанында БҚО ІІД тергеу және анықтау органдарының өндірісінде ҚР ҚК-нің 190-бабымен қозғалған 243 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде әйел адамдарға қатысты жасалған алаяқтық бойынша 28 қылмыстық іс болса, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған алаяқтық бойынша 1 қылмыстық іс анықталды.

     Есептік кезеңде барлығы 122 қылмыстық іс аяқталған, оның ішінде 39 іс сотқа жолданған, 83 қылмыстық іс ақтамайтын негіздер бойынша өндірістен қысқартылған.

     Ағымдағы жылдың наурыз айында алаяқтық қылмысы бойынша 110 факті тіркелген.

     Облысымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтар «Жұмысқа орналастырам» деген алаяқтарға сеніп, табыс таппақ түгіл, талап еткен ақшасын жинап беріп, қолындағы барынан айырылып қалуда. Мұндай қылмыс түрлеріне ер адамдармен қатар, әйелдер де араласып жатады.
Сондай оқиғаның бірі таяуда Орал қаласында 1988 жылы туылған В. есімді азамат «Атырау қаласына жұмысқа орналастырамын» деген ниетпен 25 жасар жігіттің сеніміне қиянат жасап, 200 мың теңге көлемінде ақшасын алып, тайып тұрған. Қазіргі уақытта алдаушы ұсталып, тергеу жүргізілуде.
Адамдарды алдаудың түрлі амалдары мен тәсілдері артпаса толастар емес.
Алпысқа таяп қалған зейнеткер ана қала маңынан үй салу үшін жер телімін алып беремін деп уәде етіп, 1961 жылы туылған азаматтың бір миллион ақшасын иемденіп алады. Нәтижесінде, іске кіріскен тәртіп сақшылары әлгі әйелге тиісті жаза қолданады.

     Алаяқтар белгісіз біреулерге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп келіп, ескі терезелерді жаңа пластикалық терезелерге ауыстырмақшы болып, қомақты қаржыны алып, жоқ болып кетеді. Алаяққа алданған адамдар жөндеу де жоқ, терезе де жоқ, жөндеу жұмысына деген ақша да жоқ боп қала береді.

     Тағы бір алданудың түрі – ол ақшаны қарызға беріп, оны қайтарып ала алмау. Сондықтан, облыс және қала тұрғындары аз танитын адамдарға ақша бермегеніңіз абзал.

     Құрметті азаматтар, мұндай жағдайға тап болған кезде тікелей «102» нөміріне қоңырау шалуыңызды немесе бірден ішкі істер органдарына хабарласуыңызды сұраймыз. Барлық хабарламалар белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

 www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале