14.08.2015, 14:48
Оқылды: 32

Алаяқтық көбейген  

 

676Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі берген мәлімет бойынша, ауданда алаяқтық көбейген.

Былтыр аудан аумағында 7 алаяқтық фактісі тіркелсе, биылғы жылдың 7 айы ішінде ол көрсеткіш 19-ға жеткен. Бұл қылмыстың көп тараған түрі телефон алаяқтығы екен. Ең сорақысы, қылмыскерлер өзінің алдау амалдарын тек ұялы телефон арқылы ғана емес, үй телефондары арқылы да іске асыратын көрінеді. Көбіне үйге телефон шалған кезде, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жақындары үлкен қылмыс жасап қойғандығын естіртіп, оны босату үшін белгіленген шотқа ақша аударуын сұраса, ұялы телефонға белгілі бір компанияның қызметкері ретінде телефон шалып, нөмір иесі үлкен ұтысқа ие болғандығын айтады. Кейін ұтыс басқа қалада, оны алу үшін қомақты сома беруін өтінеді. Осы орайда ішкі істер қызметкерлері аудан тұрғындарын сақ болуларын сұрайды. Сондай-ақ жоғарыда аталғандағыдай жағдай болған кезде дереу ішкі істер орындарына хабар беру қажет.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале